Жаңалықтар

  • 11.10.2019
    Ақпарат АӘК

  • 02.04.2019
    «Саран барысы» анықталды

    30 наурызда Саран қаласында қазақ күресінен «Саран барысы» турнирі өтті. Жастар жылы мен Саран қаласының 65 жылдығына орайластырылған дүбірлі дода «Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Турнир Саран қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің мамандандырылған күрес залында өтті.

  • 27.03.2019
    2019 жылғы 16 наурызда «Саран қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі» КММ волейболдан жыл сайын өткізілетін Саран қаласы әкімінің кобогы өтті. Аталмыш жарыстың Жастар жылы мен қаланың 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған жағдайы бар

    Шара мақсаты – Елбасы жолдауын жүзеге асыра отырып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген құлшынысын арттыру.

    Үстіміздегі жылдың 23 ақпаны мен 16 наурызы аралығында Абай Құнанбаев атындағы СГТК мен Жалпы білім беретін № 6 мектептің базасында аталған кубогтың түрлі этаптары өткізілген болатын. Аталмыш этаптарға қаламыздың барлығы 11 командалары қатысты. Спорттың осы түрі бойынша жарыстар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, Саран қаласында волейбол спортын дамыту және насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

  • 28.02.2019
    Саранда алғаш рет триатлоннан ашық біріншілік өтті

    Ақпан айының 17-де Саран қаласында Жастар жылына және қаланың 65 жылдығы мен қаладағы спорт мектебінің 60 жылдығына орай триатлон мен авватлоннан алғашқы ашық біріншілік өтті.

    Алғаш рет өткізіліп отырған ашық біріншілікке қатысу мақсатында қаладағы спорт ғимаратында Қарағанды, Саран қалалары мен Ақтас кентінің тұрғындары мен жас спортшыларынан құарлған 45 адам жиналды.

    Жас спортшылар үшін бұл біріншілік өте елеулі болды, себебі триатлондық бөлім қалада өткен жылдың күзінде ғана ашылған болатын, ал бірінші нәтижелер қазірдің өзінде бар және олар өте жақсы. Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен жас спортшылар осы жаңа спорт түрінің негіздерін меңгеруде. Бұл спорт түрінің жанкүйерлері арасында танымал спортшылар мен журналистер, тележүргізушілер мен бизнесмендер, түрлі деңгейдегі басшылар мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

  • 19.02.2019
    Жексенбі, 10 ақпан күні № 1 жалпы білім беретін мектептің хоккей қорабында Саран қаласының 65 жылдығына арналған шайбалы хоккейден жарыс өтті.

    Мұз айдынына Көкпекті кентінің, Саран қаласының ересектер арасындағы және «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер орталығының командалары шықты.

    «Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Р. Тлеубеков пен бас төреші Р. Романюк жарыстың шымылдығын ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Страницы: 1234

Дауыс беру

Как вы считаете, какие виды спорта нужно развивать в городе Сарани?
Гаршанова Ирина Роландовна Руководитель отдела